МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АРАЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары Смағұл Бақытбек, Бақытгүл Хаменова, Зауреш Аманжолова іс-сапармен Арал ауданында болды.
  Меймандар алдымен Жақсықылыш кентінде орналасқан «Аралтұз» АҚ –ның тұз өңдеу цехатырының жұмыс барысымен танысты. 1200 кент тұрғыны жұмыспен қамтылған комбинат айына 25 мың тонна ас тұзы, 10 мың тонна техникалық тұз өндіреді, оның 60 пайызы Ресйге экспортталса, 40 пайызы республика аумағына таратылуда.
  Одан әрі халық қалаулылары Әбдіжәміл Нұрпейсовтің шығармашылық үйінде болды. Халық жазушысының өмір жолы және шығармаларымен танысты.
  Іс-сапар аясында мәжіліс депутаттары «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалында аудан тұрғындары үшін  жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келгендер түрлі мәселелерді көтерді. Денсаулық сақтау және жұмыссыздық мәселелері қозғалды.
  Жоспарға сай халық қалаулылары аудандағы ең ірі нысанның бірі орталық аурухананың құрылысымен танысты. Одан кейін аудандық ауруханада болып, қызметкерлермен кездесті.  
Көрудің саны: 36  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру