Майғазиев отасқандарына 20 жыл толуына орай жұбайына тағы тосынсый жасады (видео)

Биыл Сәкен Майғазиевтің жұбайы Динара Асылханқызымен отасқанына 20 жыл толды. Бұл ретте әнші сүйікті жарына тосынсый жасап, Алматыдағы ең қымбат мейрамханалардың біріне алып барды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Майғазиев ғимараттың 30-қабатында романтикалық кеш өткізіп, жұбайына естен кетпес кеш сыйлаған-ды. Алайда әнші мұнымен тоқтап қалмайтынын айтқан еді.

Отасқандарына 20 жыл толуына орай Сәкен жұбайы Динараға бүкіл Еуропаны көрсетпек ниетте. Жұбайлар дәл қазір Италияның Милан қаласында саяхаттап жүр.

20986922_335392873580674_4451187132140093440_n

Әдетте саяхатқа отбасының кішкентай мүшелерін ала баратын Майғазиевтер бұл жолы оңашада қыдыруды жөн көрген ұқсайды.

Көрудің саны: 2 810  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру