Мектептерге футбол сабағы енгізіледі

Қазақстан футбол федерациясы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту аясында дене шынықтыру пәнінің әр үшінші сағатында сабақ жүргізу үшін «Орта білім беру мекемелеріндегі 1-4 сынып оқушыларына арналған футбол бойынша әдістемелік оқу құралын» құрастырып, бекітті.

Әдістемелік оқу құралы бастауыш сыныптағы дене шынықтыру мұғалімдері үшін көптеген иллюстрациялар мен түсінікті мәтіндер негізінде жасалған. Ұсынылған конспект-жоспарларда балалармен жұмыс істеудегі озық еуропалық әдістері негізінде балаларды дайындау кезінде жинақталған және сынақтан өткен материалдар бар, олар жас ерекшеліктеріне қарай сынып бойынша жіктеледі. Допты игеруді үйрету элементтері бар түрлі ойындар жинақталған. Балаларды шапшаңдыққа, икемділікке, ептілікке үйрететін техникалық кешендер мен жаттығулар кешені, физикалық және техникалық дайындықтарын бағалауға арналған тестілер бар. 2017 жылдың қыркүйек айында сынақтан өткізу мақсатында Қазақстанның бес өңіріндегі 147 мектеп жұмылдырылады — Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалалары. Сондай-ақ, Ақтөбе мен Қарағанды облыстық футбол федерациясы жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

ҚазАқпарат.

Көрудің саны: 72  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру