Мотоцикл жүргізушісіз бірнеше километр жүріп кетті(видео)

Жол апатынан кейін мотоцикл жүргізушісіз бірнеше километр тоқтамай жүріп кеткен, деп хабарлайды Baq.kz.

 

Куәгерлердің айтуынша, жолда кедергілер кездессе де мотоцикл жүрісінен жаңылмаған.

Франциядан шыққан мотоциклші тасжолда жол апатына ұшырайды. Автокөлікпен соғылып, өзі құлап қалады. Жүргізушісі түсіп қалса да мотоцикл сол қалпы тоқтамастан жүріп кеткен. Сөйтіп ол жол апаты болған жерден бірнеше километрге ұзаған көрінеді.

Le Parisien басылымының жазуынша, мотоцикл жүргізушісі аяқ-қолын қатты жарақаттаған. Жәбірленушіні ауруханаға екінші көлікте отырған адам жеткізіпті.

Көрудің саны: 50  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру