«Нұрлы жер» бойынша құрылыс компаниясына алғашқы субсидия берілді

«Даму» Қоры «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша құрылыс компаниясына алғашқы субсидия берді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Соллерс» ЖШС құрылыс компаниясы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша субсидия алды. 14 пайыздық жылдық мөлшерлеменің 7 пайызын «Даму» Қоры субсидиялайды. Несие «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы беріледі. 400 млн теңге 3 жыл мерзімге берілді. Компанияның өз қаражаты 102 млн теңге, жобаның жалпы құны 502 млн теңге.

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ баспасөз қызметі мәлім еткендей, бөлінген қаражыға құрылыс компаниясы Ақтөбеде жалпы аумағы 3 771 м2 (54 пәтер) болатын 9 қабатты тұрғын үй кешенін салмақ. «Нұрлы жер» бағдарламасы мен «Сбербанк» АҚ ЕБ және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арасындағы талап бойынша жаңа кешеннің 27 пәтері Тұрғын үй құрылыс жинақ банк салымшыларына шектеулі бағамен беріледі. Осылайша, құрылыс аяқталған соң аталған банк салымшылары шаршы метрі 140 мың теңге болатын пәтерлерге қол жеткізе алады. Ақтөбедегі бұл жаңа тұрғын үй кешені 1017 жылы 15 тамызда пайдалануға беріледі.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бағыттарының бірі – жеке компанияларды құрылыс жұмыстарын жүргізуге ынталандыру. Есесіне екінші деңгейлі банк несиесінің сыйақы мөлшерлемесі субсидияланады. Бұл — халықтың қол жетімді пәтерге ие болуына мүмкіндік береді», — деді «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы Абай Сарқұлов.

«Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында тұрғын-үй құрылысы саласы мен ипотекалық несиелеу нарығында оң өзгерістер байқалады. Біздің банк Қазақстан үшін әлеуметтік маңызы жоғары болып тұрған осы бағдарлама бойынша жұмыстарын жеделдетті. Мұнымен қатар, бағдарламаны жүзеге асыру – ел экономикасын көтеруге көмектеседі. Себебі өндірістегі бір жұмыс орны айналасына жеті жұмыс орнының ашылуына сеп болады», — деді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасы Александр Камалов.

Естеріңізге сала кетейік, «Нұрлы жер» бағдарламасы жеке құрылыс компанияларға ҚР Ұлттық банк белгілеген 16% сыйақы мөлшерлемесімен несие беруді көздейді. «Даму» Қоры 7%-ын субсидиялайды. Компания қалған 9%-ды өтейді. Субсидиялар тұрғын-үй құрылысымен айналысып жүрген кәсіпкерлердің жаңа несиелеріне беріледі.

https://baq.kz/kk/news/sayasat/nurli_zher_bagdarlamasi_boiinsha_kurilis_kompaniyasina_algashki_subsidiya_berildi20170613_105200

Көрудің саны: 264  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру