НАЗАРБАЕВ АСТАНАНЫҢ 19 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАРДЫ БАСТАП БЕРДІ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Елорда күнін тойлауды салтанатты түрде ашты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мемлекет басшысы Астанада Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеру рәсіміне қатысты.
«Құрметті астаналықтар, біз бүгін елордамыздың 19 жылдығына арналған барлық іс-шараны бастап жатырмыз. Ең сүйікті, ең жарқын мерекеміз. Біз ата-бабамыз көрген соғыстарды, репрессия мен аштықты көрмеген бақытты ұрпақпыз. Біз кейде үнемі осылай болған шығар деп ойлаймыз. Бірақ олай емес. Біздің бақытты ұрпақ әкелеріміздің бізге сыйлаған жеңісі арқасында осындай ашық аспан астында өмір сүріп жатыр», — деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан бейбітшілікті сақтап, үнемі жеңіске жетіп отыру керек.
«Біздің мақсатымыз — осы бейбітшілікті, бірлікті сақтап қалып, жеңіске жету, тек жеңіске, тек алға! Бәсекеге қабілетті күрестерде жеңіске жету керек. Бұл мен қол қойып, халыққа жария еткен бағдарламаларымның жүзеге асырылуына көмектеседі. Біз бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Халықтың ауызбірлігі бізге әлемдік қауымдастықтың тарапынан үлкен құрметке ие болуға, Қазақстанда алға тартуға және халқымызды бұдан да бақытты етуге көмектеседі. Барлықтарыңызға жақсылық, бірлік, сенім, шыдамдылық және біздің, балаларымыздың және немерелеріміздің болашағы жарқын болуын тілеймін», — деді Президент.
tengrinews.kz
Көрудің саны: 16  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру