ҚР ІІМ өкілдері «Жол жүрісі туралы» Заңында не өзгеретінін айтып берді

Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетіндегілер елімізде жол жүрісіне қандай өзгертулер енгізілгенін айтып берді, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі құқық қорғау органының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  2017 жылдың 3 шілдесінде Мемлекет басшысы жол жүрісі саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заңмен Салық кодексіне мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің тізбесін кеңейту бөлігінде түзетулер енгізілді, оларды бергені үшін: цифрлық белгіленуі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 — 5 700 пайыз (АЕК — автор сөзі); цифрлық белгіленуімен байланысты емес әріптік белгіленуі бірдей (АА), ВВВ (ВВ), ССС (СС), ZZZ (ZZ) — 5 700 пайыз; әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 — 28 500 пайыз; әріптік белгіленуі бірдей, 100, 111, 200, …, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірін бергенi үшiн — 19 700 пайыз; әріптік белгіленуі бірдей, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 — 11 400 пайыз мемлекеттік баждың жоғарылатылған мөлшерлері көзделеді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне: 1) көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін мүгедектерді көлiк құралдарын басқару құқығынан 3 жылға айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілік енгізілді (ӘҚБтК 46-бабының төртінші бөлігі); 2) ӘҚБтК 596-бабының үшінші бөлігін әр түрлі түсіндіруді болдырмау мақсатында, аталған норма қарсы жолаққа шығу тыйым салынған жерлерде қарсы жүру жолағына шыға отырып, бұрылу немесе кері бұрылу үшін көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тарту бөлігінде нақтыланls (ӘҚБтК 596-бабының үшінші бөлігі); 3) жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл мөлшері 5-тен бастап 3-ке дейін АЕК қысқартылды (ӘҚБтК 601-бабының бірінші бөлігі); 4) масаң күйін куәландырудан өтуден бас тартқан үшін жүргізуші куәлігінен айыру мерзімі 2 жылдан 3 жылға дейін көбейтілді (ӘҚБтК 613-бабының төртінші бөлігі); 5) ішкі істер органдарының, әскери полицияның қызметкері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз жолаушы көлік құралын тастап кеткен үшін жауапкершілік алынып тасталынды (ӘҚБтК 613-бабының он екінші бөлігі). «Жол жүрісі туралы» Заңда түнгі уақытта (сағат 23-тен таңғы 06 сағатқа дейін) қалааралық, ауданаралық қатынастарда автобустармен ұдайы емес тасымалдаулар арқылы жолаушыларды тасымалдауға тыйым салу алынып тасталынды. Әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен жағдайда жүргізуші куәлігін айырбастау кезінде жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыру жөніндегі міндеттілік алынып тасталынды. Ішкі істер органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз жолаушының көлік құралын тастап кетуіне тыйым салатын норма алып тасталынды. «D» (автобустар) санатындағы көлік құралын басқару үшін әскери қызметшілердің жасы 19-дан 18 жасқа төмендетілді. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-әрекетін тіркеу үшін көлік құралын тоқтатқан жағдайда жүргізушілерге фото-және бейнежазба жүргізу құқығы берілді. Көлік құралын тоқтатқаннан кейін полицияның: дереу жақындап келуі, өзін таныстыруы, жүргізушінің талап ету бойынша қызметтік куәлігін көрсетуі, тоқтату себебін түсіндіру, радардың (қолданылған жағдайда) деректерін көрсету міндеті белгіленді. Көлік құралын тоқтатқан полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындау бойынша жүргізушінің міндеті белгіленді. Уәкілетті органның лауазымды тұлғаларына жол жүрісі саласында нұсқамалар шығару бойынша құзырет берілді, бұрын осындай өкілеттілік жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспекторға ғана берілген болатын. Құқықтық нақтылау мақсатында Заңның 52-бабының ескертуінде көлік құралын тоқтату негіздемелерінің бірі болып табылатын «арнайы іс-шаралар» ұғымының мазмұны ашылып енгізілді («арнайы іс-шаралар» — құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар жүргізетін жедел-профилактикалық, жедел-іздестіру, күзет іс-шаралары және терроризмге қарсы операциялар). Көлік құралына аэрография салу бойынша тыйым салу алынып тасталынды. «Tm» санатындағы (трамвай) көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін жасы төмендетілді (25 жастан 21 жасқа дейін) және басқа көлік құралын басқару тәжірибесі бар болу қажеттігі туралы талап алынып тасталынды. Жаяу жүргіншілер өткелінен велосипедті айдап жүруге тыйым салынды. Евразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарына кәсіпкерлік қызмет немесе өзге де еңбек қызметін жүзеге асырған кезде халықаралық немесе шетелдік жүргізуші куәлігінің негізінде көлік құралын басқаруға рұқсат берілді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін берілгені үшін мемлекеттік баждың жоғарылатылған мөлшерлерін көздейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің тізбесін кеңейтуге қатысты Салық кодексіне түзетулерді қоспағанда, Заңның ережелері 2017 жылдың 15 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kr-m-oklder-jol-jurs-turalyi-zanyinda-ozgeretnn-aytyip-berd-281879/

Көрудің саны: 163  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру