Сәкен Майғазиев келіншегін жаңа бейнебаянымен қуантты (видео)

Сәкен Майғазиев келіншегін “Жүрегімнің ішіндегі жүрегім” деп аталатын жаңа бейнебаянмен қуантты.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 28 шілдесінде Сәкен Майғазиев отасқандарына 20 жыл толған келіншегіне тосын сый жасаған болатын. Ол мерейтойларының құрметіне келіншегін Алматының төрінде орналасқан, 30-қабаттағы мейрамханаға алып барып, романтикалық кешкі ас ұйымдастырды. Мұнымен қатар, жуырда ол келіншегіне арнап “Жүрегімнің ішіндегі жүрегім” атты бейнебаян түсірді.

“Анасына сыйлаған 41 гүлімнен-ақ ол кісінің 20-ға толғанын біліп қойған шығарсыздар. Алла тағала қасиетті арафада тілеген дұғаларымызды қабыл еткей. Жүректеріңіздің ішіндегі жүректеріңіз аман болсын. Алла – ұлық!” – дейді Сәкен Майғазиев.

Бейнебаянды тамашалап үлгерген желі қолданушылары оның көңілдерінен шыққанын жарыса жазып жатыр.

Көрудің саны: 186  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру