САЛМАҚТЫ МӘСЕЛЕ САРАЛАНДЫ

Жақында облыс әкімінің орынбасары Р. Рүстемовтың төрағалығымен дін мәселелері жөнінде ауқымы кең семинар өтті. Оған қала, кент, ауылдық округ әкімдері, ауылдағы мешіт имамдары мен дербес бөлім басшылары және түрлі сала мамандары қатысты. Бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған дін жөніндегі семинардың маңыздылығына тоқталған облыс әкімінің орынбасары аталған семинарға арнайы келіп отырған қонақтардың арасында теолог мамандар бар екенін айтып, жиналғандарды өздерінің көкей тесті сауалдарын қойып, өзара пікір алмасуға шақырды. Семинарда алғаш болып облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А.Қайруллаев хабарлама жасап, біз өмір сүріп жатқан зайырлы қоғамда дәстүрлі дініміздің алар орны мен маңыздылығына кеңінен тоқталды. Сосын, ұлтық құндылыққа байланысты сөз қозғап, дін мен дәстүрдің сабақтастығына тоқталған облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Б.Оспанов халқымыздың тұрмысында кеңінен қолданылып, бүгінде ұмыт болып немесе бұрмаланып бара жатқан кейбір дәстүрлеріміздің дінімізбен сабақтасатынын ортаға салды. Мұнан соң, Оңтүстік Қазақстан облысының дінтанушы теолог маманы Ұ.Әлиақпарұлы дәстүрлі емес діни ағымдағы жетекшілерді анықтау және олардың белгілері жайында хабарлама жасаса, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің өкілі А. Қалдыбекұлы діни ұғымның қоғамда теріс көзқарас тудыруына байланысты қолданысқа енгізілген жаңа заң шеңберінде баяндама жасады.

(Өз тілшімізден).

Көрудің саны: 84  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру