Серік Ибрагимовтің ұлына арнаған әні көпті тәнті етті (видео)

Жуырда ғана ұлына арнап бесік той жасаған Серік Ибрагимов су жаңа әнінің тұсауын кесті. Әнші бұл жолы тұңғышына арнап ән жазыпты.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Тәй-тәй” атты туындыны Серік Хамзаның бесік тойында шырқады. Әннің авторы – Серіктің өзі болса, сөзі Бақдәулет Арыстан есімді жас ақынға тиесілі.

“Аллаға шүкір! Баламызға арналған әннен үзінді! Барлық кішкентай балапандарға арналады!” – деп жазды Серік.

Жалпы Серік Ибрагимов жаңа әндерінің тұсауын тойда кесуді әдетке айналдырған. Бұған дейін ол өзінің үйлену тойында жары Айнамкөзге арнаған “Махаббатым” әнінің тұсауын кескен болатын.

Көрудің саны: 303  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру