ШҰҒЫЛ!!! Тұрғындардың банк карталарынан ақша ұрланып жатыр

Ақтөбеде интернет-алаяқтар есепшоттан ақша ұрлауда. Полицейлер осы дерекке қатысты бірнеше қылмыстық істі тергеп жатыр деп хабарлайды Керек-инфо.

Ақтөбе облысы ІІД-нің тергеу басқармасына жергілікті банк филиалдарының бірінің директоры шағым түсірген. Ол 2016 жылдың тамыз айынан бері жеке тұлғалардың банктегі есепшотынан қаражат ұрланып жатқандығын айтыпты.

– Алаяқтар интернетте жылжымайтын мүліктері пен автокөліктерін сату жөнінде хабарлама бергендерді алдап соққан. Өздерін телефон арқылы сатып алушы ретінде таныстырып, карталық есепшотқа алдын –ала төлем аударатындықтарын айтқан. Соңыра карт шоттарының деректемелерін сұрап, жеке тұлғалардың интернет банкингіне тіркелу керектігін жеткізген. Жеке тұлғалардың интернет банкингінде тіркелгеннен кейін жәбірленушілердің нөмірлеріне бір реттік СМС-пароль (құпия код) жолданады. Жәбірленушілер осы құпия кодты қылмыскерлерге өз еркімен ұсынып отырған. Ал алаяқтар қаржыны басқа карточкалық шоттарға аударған», – дейді облыстық ІІД.

Кей жағдайда қылмыскерлер телефон арқылы жәбірленушілердің жеке тұлғалардың интернет банкингін қолданатындығын алдын-ала білген.

Сондықтан тұтынушылардың парақшаларын бұзып, өз ұялы телефондарына қосқан.

Дереккөз: Nur.kz
Көрудің саны: 150  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру