Суда шомылғанда сақ болайық!

Жаз мезгілінде азаматтардың суға шомылау маусымы басталатыны баршаңызға белгілі. Осы орайда, «су-тіршіліктің көзі» дегенмен, оның тілсіз жау екенін азаматтарымыз әрдайым есте ұстамайды. Әсіресе, жазғы каникулға шыққан балалар суға шомылуды әркез қалайтыны сөзсіз. Балалық әуестікке салынып, ата-анасының бақылауынсыз суға түсіп, қайғылы жағдайлар орын алып жатады. Өткен жылы облыстың су айдындарында 35 адам қаза болса, (13-і бала), соның 8,6 % Арал ауданы бойынша су айдындарында орын алды. (3 адам). Ауданда су айдындарында құтқарушылардың көмегімен 15 адам құтқарылды, оның 5-і бала. Талдау нәтижесінде, балалардың суға кету фактісі 38 %-ды құрауы әрине өкінішті. Сол себепті, ата-аналар балаларына бақылауды күшейтіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, олардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамауы тиіс.

Аудан көлемінде демалуға ең қолайлы орын Қамыстыбас көлі мен Сыр өзенінің бойы болғандықтан, тынығушылар осы жерді төңіректейтіні мәлім. Аталған жерлердегі су айдындарының көптеген жерлері суға шомылуға бейімделмеген. Сол себепті, аудан тұрғындарынан кәсіби құтқарушылармен қамтамасыз етілген, суға шомылуға арналған орындарда тынығуларын сұраймыз. Өйткені, суға шомылуға бейімделмеген орындарда суға түсушілердің, ересектер мен бақылаусыз келген жасөспірімдердің, спирттік ішімдікке әуес жандар тарапынан қауіпке ұрыну жағдайлары жыл сайын толастамай отыр. Сол себепті, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №34 бұйрығымен «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары» бекітілген. Аталған қағида талаптарын бұзушыларға айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделгенін ескертеміз.

Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.

Көрудің саны: 93  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру