Супермаркеттің күзетшісі өзінің бұрынғы мұғалімін ұрлық үстінде ұстап алды (видео)

Ресейдің Сальск қаласында “Магнит” супермаркетінің күзетшісі егде әйелді ұрлық үстінде ұстап алған. Күзетші әлгі әйелдің өзінің бұрынғы мұғалімі екенін жазбай таныпты.

Бұл туралы Bloknot хабарлайды.

Ер адам бұл жағдайды видеоға түсіріп алып, интернетке салып жіберген. Видеода ол әйелден сөмкесіне жасырған затты шығаруды талап етіп жатады. Сөмке ішінде шпрот банкісі, ірімшік пен печенье бар болып шықты.

“Бұл не сұмдық? Осылай істеуге бола ма? Сіз бір кездері менің директорым болып едіңіз ғой?” дейді ер адам оған.

Көрудің саны: 133  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру