Суретке түскенде екі саусақты көрсету нені білдіреді?

Қазіргі кезде суретке екі саусақты жоғары қаратып түсу кеңінен тарады. Оның мәнісі неде? Нені білдіреді? Бұл сұрақтың жауабын көбіміз білмейтін де секілдіміз. Онда біле отырайық.
Мысалы, америкалықтар суретке түсіргенде “Say cheese” дейді, «сүзбе деп айт», яғни, жыми дейді. Сол секілді, жапондықтар да бұрынырақ суретке күліп түсу үшін «екі», «ни» деп айтатын. Кейін ол екі санын саусақпен көрсету әдетке айналды. Осылайша, суретке екі саусақты жоғары қаратып түсу жапондықтардан «келген» ишара.
Ал әлемде суретке екі саусақты көрсетіп түсу бейбітшілікті, достықты білдіретін белгі болып саналады.

Көрудің саны: 260  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру