Сыбайлас жемқорлықпен күрес азаматтық борыш

Жаңа қоғам, дамуға деген жаңа бетбұрыс. Осы жолда қол жеткізген жетістіктеріміз жетерлік десек те, шешімін таппай келе жатқан әлеуметтік мәселелер жоқ емес. Соның бірі-сыбайлас жемқорлық. Бүгінгі таңда осы бағыттағы қаншама заңдар мен атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан аталмыш мәселенің күрмеуі шешіле қоймады.

Тарихымыздан белгілі, қазақ халқы қашан да ел дамуына бармақ басты, көз қыстылықпен қарамаған. Сыбайластықты барша ел алдындағы сатқандық деп санаған, төрелігін төте айтқан кешегі өткен үш жүздің төбе билері, шешендерінің әділдігінің негізінде «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөз ұрпаққа қалған ұлағатқа айналды.

Қазір де тәуелсіз Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Сол себепті Елбасымыз да жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында осы кедергіні басты назарды ұстап, онымен күресу жолын арттыруды міндеттеп келеді.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен  пәрменді күресуге кері әсерін тигізіп отырған бірден бір нәрсе халықтың құқықтық сауатының аз болуы. Оны жеңу үшін ел ішінде құқықты жан жақты түсіндірме жұмыстарын барынша арттыру және сол істің сапалы жүргізілуіне көңіл бөлу.

Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген болатын. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мемлекетті ішінен жоюшы фактор жемқорлық болып есептеледі. Сондықтан Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынып отырған өзекті мәселе сыбайлас жемқорлықпен күресті әрбіз қазақ азаматы мен азаматшасы өзінің борышы санасу тиіс.

Мұрат Есенбаев,
Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит
департаментінің мемлекеттік сатып алудың аудиті
бөлімінің бас маманы, мемлекеттік аудитор.

Көрудің саны: 42  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру