Төреғали Төреәлі жанды дауыста ән айта алмай, масқара болды (видео)

Желіде Төреғали Төреәлінің өз әнін жанды дауыста айтқан видеосы пайда болды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші танымал “Бол жанымда” әнін отандық бағдарламалардың бірінде орындаған. Ал видеоны тамашалаған тыңдармандар Төреғалидің жанды дауыста ән айта алмайтынын алға тартып, сынап жатыр.

“Нашар, сіздерді қайдам, мен Төреғали үшін ұялдым, кешіріңіздер”, “Демі де, даусы да жетпеген соң халыққа микрофонды бұра салған ба”, “Сұмдық шынымен”, “Түк айта алмайды екен ғой, бірақ ұнайды”, “Масқара Төреғали, ұят қайда?”, “Қазақстанда жанды дауыста ән айтатын әншілер өте аз”, – деп жазды желі оқырмандары.

Көрудің саны: 671  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру