Тәтті ми жұмысына пайдалы ма, зиян ба?

Тәттінің адам ағзасына зиян екенін ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген.

Ал жақында жүргізілген зерттеу тәтті қант диабеті, семіздік, жүрек аурулары, рак ауруларына ғана емес, мидың жұмысына да зиян келтіретінін көрсетті.

Зерттеуге кәдімгі егеуқұйрықтар (крысы) қатысқан.

Оларды екі топқа бөлген. Бірінші топқа тәттісі аз, күнделікті тамақтарды берген. Екінші топтың тамағында тәтті көбірек болған.

15 апта өткен соң оларды тексергенде қантты аз жеген егеуқұйрықтар тобының дені анағұрлым сау болған.

Тәтті ағзаға енгенде ми мен жүрек тым белсенді жұмыс істеп, кортизолдың (күйзеліс гормоны) көбеюінен жүйке жасушалары өле бастайды – ол есте сақтау мен ойлау қабілетінің нашарлауына әкеп соғады.

«Қазіргібалалартәттінікөпжейді. Ал бұл олардың ми жұмысына кері әсер етеді», – дейді ғалымдар.

http://jastar.kz/kk/maqalalar/densaulyq/tatti-mi-jumysyna-paidaly-ma-ziyan-ba-1391/

Көрудің саны: 92  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру