ТАҒАМНАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛ

Тағамнан улану-азық-түлік өнімдерінде экзотоксиндерді түзу қабілеттіктері бар, қоздырғыштардың жұғуы көбінесе алиментарлық, сиректеу-тұрмыстық-қатынастық (госпиталдық жағдайда) жолдарының нәжіс-ауыз механизмі арқылы іске асатын, басым жағдайда шартты патогенді микроорганизмдер туғызатын кең тараған жіті аурулар.Біраз бактериялар спора түзу арқылы сыртқы ортада ұзақ сақталады.Ауру оқиғасының пайда болуы әдетте қандай да бір азық-түлік өнімдерін немесе тағамды пайдаланумен нақты байланыста болады. Бұл оқиға бір жерде болумен немесе азық-түлік өнімдерін алумен байланысты және аумақтық шектелумен сипатталады Тағамнан улану жіті,кенет басталып,айқын гастроэнтериттік құбылыстар,дегидратация,су- электролит алмасуының бұзылуы фонында жалпы улану симптомдарының тез дамуымен көрінеді. Адам тек қана әртүрлі тағам өнімдерінде жиналған микроорганизмдердің шығарған уымен зарарланған тағамды пайдаланғанда ауырады. Бұндай азық-түлік түрлеріне -консервіленген ет өнімдері, үйде қақталған балық,үйде тұздалған балық уылдырығы,үлкен ыдыста басып қойып тұздалған саңырауқұлақтар, құс еті өнімдері, көкөністер, ет және еттен жасалған тағамдар,сүт және сүттен жасалған тағамдар, кондитерлік өнімдер, балмұздақ, торттар, ірімшіктер,әртүрлі дәмдеуіштер жатады. Ауру жаз-күз айларында жиі тіркеледі. Өйткені бұл мезгілдерде ауру тудыратын микроорганизмдер тамақ өнімдерінде,әсіресе дайын тағамдарда тез өсіп-өнеді. Науқастанған (уланған)адам ифнекция көзі бола алмайды немесе өте сирек жағдайда ғана болады. Өйткені ауру көпке созылмайды, аурудың патогенезінде микробтың уы маңызды,сондықтан адам емес,уланған тағам (фактор ретінде) қауіпті. Бактерия тасушы адам,жануар тек инфекцияның резервуары рөлін атқарады. Олар инфекция көзі болғанымен, тікелей басқа адамға жұқтырмайды немесе өте сирек кездеседі.Олар микробпен тағам өнімдерін ластайды. Аурудың жасырын кезеңі-30 минут-24 сағат аралығы,1-8 тәулікке дейін болса,көп жағдайда 3-4 күнді құрайды. Қауіп-қатер топтары мен факторлар : 1.Санитарлық-гигиеналық жағдайдың нашарлауы; 2.Тамақ өнімдерін,шикізаттарды жинау,өңдеу,дайындау,тасу,сақта у кезінде технологиялық процесс ережелерінің бұзылу фактілерінің тіркелуі; 3.Жаз-күз маусымында уақытша қызмет көрсететін тамақтану объектілерінің көбеюі және халықтың оcындай объектілерден жиі тамақтануы; 4.Туризмнің,демалу уақытының қызған кезі; 5.Баспамен,пиодермиямен ауырғандар «дені сау» бактерия тасушылар (көбінесе ауруханаішілік жағдайда). Алдын алу шаралары : 1.Тағам өнімдерін дайындау, сақтау және тарату кезінде санитариялық- гигиеналық,технологиялық ережелерді сақтау; 2.Әр адам жеке бас гигиенасының қарапайым қағидаларының сақталуына аса мән беріп, ас ішер алдында, дәретханадан кейін қолды сабындап жууы керек; 3.Құтыдағы немесе қайнатылған түрдегі суды ішу; 4.Көкөністер мен жемістерді,қауын-қарбыздардың сырттарын мұқият жуып,пайдалану және олардың сапасына баса назар аудару; 5.Терісінде көрініп тұрған жарақаттары бар (күйік,іріңді бөртпе,кесілген ), фарингит,ангина және басқа да стафилакокк инфекциясының көріністері бар асханада жұмыс істейтін қызметкерлерді жұмыстан уақытша шектеу; 6.Халық арасында санитарлық- ағарту жұмысын тұрақты жүргізу.

А.БАЛШАМБАЕВА,
Арал аудандық ҚДСБ-сы б асшысының орынбасары.

Көрудің саны: 64  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру