ТАҚТАЙДАЙ ТЕГІС ЖОЛ ТҮСТІ

Біздің көшеге де көңіл бөлінді -ау, енді жарықтандырылса — деді тыста немерелерін ойнатып отырған Зейнеп апа.

-Айтатыны жоқ ,бұл бір көптен күткен іс болды ғой ,- деді жанында тұрған ағамыз да,күнің ыстығын  елемей  жол салып жүрген жұмысшылардың жұмысын алыстан бақылап.

***

Иә,техникасы сай «НұрАС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  жуырда  өздеріне  міндеттелген  істі сапалы  әрі  дер кезінде аяқтады.

Нақтысы , ойдым-ойдым болып көшенің сыйқын кетірген автокөлік  жолын ел игілігіне жаратты. Тақтайдай тегіс жолды пайдаланған жұртшылықтың қуанышында шек жоқ. Үлкен -кіші аудан әкімінің 2017-2019 жылдарға арналған «Арал ауданының жол картасы » аясында қолға алған  тың  бастамаларға  дән  риза.

Қала көкжиегі кеңей түскен сайын атқарлуы тиіс жұмыстар жетіп артылатыны заңдылық. Қазіргі таңда аудан орталығының шығыс беткейіндегі халықтың  саны  бұрынғыдан әлдеқайда өскен. Осындағы  еңселі білім ұясы мен балабақшаға  баратын  шәкіртерге , аталған мекемелер де еңбек ететін ұстаздарға  ерекше  көңіл бөлінуде. Яғни, аталмыш мөлтек ауданға жаяу жүргіншілер жолы да салынып,  бағандарға жарық шамдарын орнату  мәселесі де қолға алынса нұр-үстіне нұр болар еді дейді тұрғындар.

А.ЖАЙШЫЛЫҚ.

Көрудің саны: 196  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру