Теңге үшінші күн қатарынан әлсіреп жатыр

Теңге үшінші күн қатарынан әлсіреп жатыр. Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында долларына 318,92 теңгеге тең болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған дейінгі 15 маусымның күндізгі сессиясында доллар құны 317,65 теңгеге тең еді. Осылайша, ұлттық валюта тағы 1,27 теңгеге әлсіреді. Таңғы сауданың бірінші келісімі 318,5 теңгемен өтті және осы минималдық құны болды, ал максималдық құны — 318,91 теңге. Сауданың жалпы көлемі миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 319-319,3 аралығында. 16 маусымда Астана уақытымен 10.55-те Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 46,97 доллар болды.

Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/naryk/tenge-ushnsh-kun-kataryinan-alsrep-jatyir-281219/

Көрудің саны: 42  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру