Тест: Өмірде басты қорқынышыңыз не?

Таңдауыңызға байланысты өзіңіздің бойыңыздағы қасиеттерді саралап, қандай түрге жататыныңызды аңғарып көріңіз, деп жазады Massaget.kz сайты.

1) Перфекционист

Сіз өзіңізді әр ісіңізге сыни қарайсыз. Қателесуден қорқасыз. Жұмысыңыздың барлығы мінсіз болуын қадағалайсыз. Сонымен қатар, адам мүмкіндігі шектеулі деген түсінікті мойындау – сіз үшін ең қиын шешім. Кішкентай қателіктің өзі сізге жеңілістің ащы дәмін сездіреді. Бойыңыздағы басты қасиетіңіз – мінсіздікке ұмтылу. Дегенмен, ашуыңызды өзіңізде ұстау үшін көп энергияңызды жоғалтасыз. Жұмысты дәл уақытында аяқтау, артық іске бет бұрмау бұл сіздің басты қағидаңыз.

2) Көмекші

Басқалардың жағдайы жақсы болғанда ғана, сіздің көңіліңіз орнында болады. Сіз кез келген жағымсыз жайттың алдын ала аласыз. Өте сезімталсыз. Сіз үшін жалғыздықтан құтылу – басты мақсат. Өйткені сіз өзгелер үшін өмір сүресіз, ал жалғыздықта өміріңіздің мәнін жоғалтасыз. Өзгелерге сыйлайтын уақытыңыз бен сүйіспеншілікті өзіңізге арнауға шамаңыз жетпейді. Сіз өзіңізді бағалап үйреніңіз. Өйткені өзгелер құныңызға жете бермейді.

3) Күрескер

Сізбен бірге әрекеттер ілгері жылжиды. Тек мақсат қоя білген адам өмірде жетістікке жетеді деп сенесіз. Өміріңіздегі тыныш сәттердің барлығы іш пыстырарлықтай көрінеді. Кез келген ортаға оңай бейімделе аласыз. Өзіңізді өзгелермен салыстырудың қажеті жоқтығын біле тұра, дәл солай жасайсыз. Сіз жасаған жұмыстардың барлығын өзге адамдардың бағалайтынын естен шығармаңыз.

4) Романтик

Бір ырғақты өмір сүру сізге қолайсыз. Сіз өміріңіздің әр сәтінен әдемілікті іздейсіз. Айналаңыздағы адамдар, ғимарат пен қалалардан көркемділікті талап етесіз. Көп қиялдайсыз. Өмірде сіз қиялдаған нәрсенің орындалмайтнын түсіну сізді қынжылтары анық. Сіз өзіңзідің жеке тұлға екендігіңізді мойындауға тиіссіз. Сонымен қатар сіз – шығармашылық адамысыз. Қолыңыздан көп нәрсе келеді әрі сол өнеріңіз өміріңізге сәттілік әкеледі.

5) Бақылаушы

Бұл түрге жататын жандар үшін адамдардың өзімен араласқаннан гөрі, сырттай бақылау жасаған ыңғайлы. Әлемдегі кез келген оқиғаның барлығынан хабардар болып, түрлі құбылысты түсінгенді ұнатқаныңызбен адамдардың назарында болудан қашасыз. Өзіңіздің уақытыңызды аса сақтықпен үнемдейсіз. Жаңа ортаға түсу, жаңа адамдармен араласу – сіз үшін ең қиын сынақтардың бірі.

6) Есепшіл

Тек ережеге бағынып өмір сүресіз. Сізді күтіп тұрған нәтиже сізге қауіп төндірмейтінін білгенде ғана істі қолыңызға аласыз. Сіз жасайтын әр жұмыстың нақты жоспары мен құрылымы болуы шарт. Сонымен қатар, өзіңізді біреу пайданып кете ме деген қорқыныш маза бермейді. Сіз үшін шешім қабылдау – қиынның-қиыны. Сізді қоршаған орта сезіміңізбен ойнамауы тиіс. Әйтпесе, айналаңызға деген оң көзқарасты жоғалтып аласыз.

7) Авантюрист

Сіз әркез қиындықтан қашасыз. Сіз саяхаттағанды ұнатасыз, өміріңізді сынақ алаңы ретінде көресіз. Бағыңызды сынаудан қашпайсыз. Жаңа ортада өмір сүру сіз үшін үйреншікті болып көрінері анық. Бір істі аяғына дейін жеткізбейтін әдетіңіз де бар. Өзге адамға қамқор болу қолыңыздан келмейді. Әрі өзгенің мәселесін тыңдау уақытыңызды жоғалтқанай әсер қалдырады.

8) Қолбасшы

Әлсіздікті жаныңыз сүймейді. Жаңызда жүрген адамдар сіздің оң көзқарасыңызға ие болу үшін өзіндік мінезі бар екенін танытуы тиіс. Өмірде барлығынынң есебі бар деп ойлайтын сіз үшін уақытыңызды текке жұмсау – өте қиын. Сізге өзгелерге қол ұшын созған ұнайды, дегенмен оны «жоқ» деп айта алмайтын әлсіздік ретінде қабылдайсыз әрі онымен ылғи күресесіз.

9) Бітімгер

Біреулер арасындағы жанжал сіздің жүйкеңізді әбден жұқартуы мүмкін. Айналаңыздағы адамдардың арасында ұрыстың болуы сізді қынжылтады. Сіз де ешқашан өзіңіздің шынайы сезіміңізді білдірмейсіз. Ашу мен ызаңызды ішіңізде сақтайсыз. Өзгелерді оңай түсенесіз, бірақ, өзіңізді түсіну сіз үшін қиын. Өз ойыңызды ашып айтуды үйреніңіз.

http://masqara.kz/Home/show/274

Көрудің саны: 94  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру