Тоқ бағанасына шығып мерт болған жеткіншектің денесі түсірілген сәт желіде тарап кетті (видео)

Желіде жас баланың тоққа түсіп мерт болған сәті жарияланып кетті.

Видеодан үлкендердің тоқ соғып көз жұмған баланың денесін жерге түсіріп жатқаны байқалады. Видеоға түсірушінің айтуынша, жеткіншекті бірі түгі қалмай жанып кеткен.

Кейбір желі қолданушылары оқиғаның Таразда болғанын айтуда. Марқұм баланың бағанаға не мақсатпен шыққаны белгісіз. Көпшілік шуласып жатыр. Желі қолданушылары көңіл айтып, өкініш білдіруде.

Көрудің саны: 530  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру