Тоқтар Серіков Бейбіт екеуінің әнін Қуандық пен Мөлдірге сыйлады (видео)

Қазақ эстрадасында жаңа жұлдызды дуэт пайда болды. Мөлдір Әуелбекова жас әнші Қуандық Рахыммен бірге Тоқтар Серіковтің “Ғашықтар сыры” атты әнін халыққа ұсынды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Аталған туындының әнін де, сөзін де Тоқтар Серіковтің өзі жазған. Оның алғашқы орындаушылары – Тоқтар мен Бейбіт.

Анша-мұншаны жақтыра бермейтін Тоқтар Серіков ізінен еріп келе жатқан іні-қарындасына қолдау көрсеткісі келген ұқсайды. Себебі продюсер Жанна Әбуованың айтуынша, Тоқтар Серіков әнді жастарға сыйға тартқан.

Көрудің саны: 2 745  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру