УЗИ-апай атанған емші «Жыл емшісі» атанды

Адам жаны қысылған кезде әуелі Алладан, қалды дәрігерлерден көмек сұрары айдан анық жайт. Десе де қазіргі таңда халық арасында екі ұшты сенім тудыратын халық емшілерінің де септігі тиіп, емі дарып жататын кездері бар.

Осындай қасиет дарыған, қолы шипалы жандардың бірі Арал ауданы Сексеуіл кентінің тумасы Балапан Иярова. Балапан емші қазіргі таңда көптеген сырқаттың еміне дауа болып, батасына кенеліп жүр. Құран кітап арқылы диагноз қойып, емін дөп басып айтып жүрген емшінің еңбегі еленіп 2017 жылдың «Жыл емшісі» атағы берілді. Әйелдің басты бақыты ана болуға да көмектескендігін емделушілері жарыса айтып жүр.

Балапан емшіге Алладан берілген осы қасиеті арқылы елдің ықыласына бөленіп жүре беруіне шын жүректен тілектеспіз.

Көрудің саны: 1 903  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру