WhatSapp арқылы тарап жатқан «СПИД жұқтырдыңыз» деген хаттың мәні анықталды

«Кинотеатрға келген көрермен әйел орындыққа жайғасып отырғаны сол еді, аяғының қылта тұсын үшкір зат түйреп өтеді. Абайлап қараса, әлгі орындықтан әзер көрінетін, шамамен 3-4 миллиметрлік ине ұшының шығып тұрғанын көреді. Және сол жерден хат тауып алыпты. Онда: «Сіз жаңа ғана ЖИТС (СПИД) дертін жұқтырдыңыз» деген мәтінде хат тауып алған.

«Жұқпалы дерттерді қадағалау жөніндегі орталық» жақында Шымкент және басқа да қалаларда болған осындай оқиғалар туралы хабарлайды. Барлық инелерден сынамалар алынып, олардың жұқпалы ауру қоздырғыш екені анықталып отыр. Мұндай улы тікендердің банкоматтардан да табылып жатқаны белгілі болды. Сол себепті, абай болыңыздар! Барлық қоғамдық көліктердің орындықтарын тексеру керек. Пойыз, автобус, ұшақтарда орынға отырардан бұрын оны әбден тексеріп алыңыздар. Сондай-ақ, мекеме осы хабарламаны неғұрлым көбірек таратып, айналадағы адамдардың өміріне араша түсулеріңізді сұрайды».

Қазір WhatSapp желісінде осындай мәтінде жазылған хабарлама тарап жатыр. Оны кімнің таратып жатқаны белгісіз. Жазбада мұндай қаскөйлік – терроризмнің жаңа түрі делінген.

Мұндай жауыздыққа ВИЧ індетін жұқтырушы және ЖИТС ауруына шалдыққандардың халықаралық бейресми ұйымы барған-мыс.

Бұл ақпараттың анық-қанығын білмекке облыстық ІІД-не хабарласқан болатынбыз. Мекеменің баспасөз қызметі өкілі Б.Әлекенова мұндай хабарлама ойдан шығарылған деді:

— Халықты мұндай қисынға келмейтін ақпараттарға сенбеуге шақырамыз. Әсіресе, бір адам өзіне келген хабарламаны басқаларға таратып, әлеуметтік желілерде екіұшты ой, дүрбелең туғызып жататыны белгілі. Өкініштісі, мұндай ақпарат тарататындарды табу қиын. Бәлкім ол шетелдерден келген хат-хабар болуы мүмкін. Сол себепті, жұртшылықты ресми жаңалықтардан басқа алып-қашпа әңгімелерден абай болуға шақырамыз.

kostanaytany.kz

Толығырақ: http://alashainasy.kz/society/WhatSapp-arkyilyi-tarap-jatkan-spid-juktyirdyinyiz-degen-hattyin-man-anyiktaldyi-100267/

Көрудің саны: 96  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру