Қырымбек Көшербаев жаңа құс фабрикасының іргетасын қалады

Қармақшы ауданының Ақтөбе ауылында жылына 1500 тонна дайын өнім шығаратын құс фабрикасының іргетасы қаланды, деп хабарлады ҚазАқпарат.  «Елбасының алға қойған мақсаттарының бірі — агроөнеркәсіп кешенін дамыта отырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, саланың экспорттық әлеуетін арттыру. Міне, бүгін осы ойымыздың жүзеге асуына бір табан жақындадық. Қызылорда облысының тарихында ет өнімдерін шығаратын алғашқы құс фабрикасының іргетасын қалауға жиналып отырмыз. Осы орайда, талапқа сай, экономикалық негізі бар және тұрақты сұраныстағы инвестициялық жобаларды әрі бастамашы кәсіпкерлерді қолдап, оларды іске қосуымыз қажет, — деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. Қармақшы ауданындағы құс фабрикасының құрылысы — «Ақтөбе и К»  және «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-ның бірлескен жобасы. Жобаның жалпы құны — 2 млрд. теңгені құрайды. Жаңа фабриканы екі жыл ішінде іске қосу жоспарланған.

Автор: Елубай Әуезов

http://www.inform.kz/kz/kyrymbek-kosherbaev-zhana-kus-fabrikasynyn-irgetasyn-kalady_a3045879

Көрудің саны: 10  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру