Қызылорда өңірінде биыл үшінші рет балықшылар слеті өтеді

Шілде айында Сыр өңірінде балықшылар слеті өтеді. Балық шаруашылығы мамандарының тәжірибе алмасу алаңына айналған шара биыл үшінші рет ұйымдастырылғалы тұр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Шәменов айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат. Сонымен қатар, биылғы жылы су арналарын тазалауға да үлкен мән беріліп отыр. Қазалы ауданындағы «Горсовет», «Дәулет-арық», Жалағаштағы «Алпамыс», Шиелідегі «Байсары» каналдарына осындай тазалық жұмыстары жүргізіледі. Аймақта жылына 8 мың тоннадан аса балық ауланады. Оның айтарлықтай көп бөлігі балық өңдеу зауыттарында өңделуде. Бұл саланың қарқынды дамып, өнімдердің экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік берді. Үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында экспортталған балық өнімдерінің 65 пайызы Ресей нарығына шығарылған. Сондай-ақ, Польша, Дания, Әзербайжан секілді шетелдерге де жөнелтілген.

Автор: Елубай Әуезов

http://www.inform.kz/kz/kyzylorda-onirinde-biyl-ushinshi-ret-balykshylar-sleti-otedi_a3037632

Көрудің саны: 48  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру