ЗЕРДЕЛІ ЗЕИІН

Бұл кісі жастарға 005беймәлім болғанымен, аудандық әскери комиссариатта жұмыс істеген Ният Қожаевтың есімі аға буынға жақсы таныс. Аудан танитын адам деп отырғанымыз да сол.

Ол 1956 жылы №13 орта мектепте оқып жүріп-ақ, әскери адам болуды армандаған-ды. Арманы адастырмады. Яғни, 1959 жылдың қыркүйек айында Кеңес армиясы қатарына шақырылып, Батыс Украинаның Владимирово-Волынск облысындағы Прикарпатье әскери округіне қарасты №42110 мотоатқыштар полкінің танк батальонында Отан алдындағы борышын өтеді. Аралдық ұлан жауынгерлік әдіс-тәсілдерге тез икемделді. Уақыт өте иығына аға сержант шенін қондырды. Тіпті, танк экипажының командирлігі міндеті де Ниятқа үлкен сеніммен тапсырылды. Теңіз төскейінен сонау Украинаға келіп, ел тыныштығын күзеткен Қожаев әскердегі үш жыл мерзімінде 42 мәрте қолбасшылар тарапынан марапатталыпты. Жалпы, тізе бер- сек, ағамыздың жетістіктері жетерлік. Саналы ғұмырының басым бөлігін аудандық комиссариатқа арнаған жайсаң жан келесі жылы сексеннің сеңгіріне шығады.

Иә, шындығында да, жастарды отансүйгіштікке баулып, әскерге бару кез-келген жігіттің басты міндеті екенін ұғындырып жүретін ардақты аға жайында сөз қозғамау қисынсыз деп білеміз. Ният Қожаевтың өзгелерден ерекше бір қыры-зерделілігі. Қаншама жас әскери комиссариатта тексеріліп, облысқа жолдама алып жатқан уақытта, кімнің не себептен әскерге жарамағанын, кімнің қай қалада борышын өтегенін жатқа білетін кісінің есте сақтау қабілетіне көзкөргендер әлі де таң қалады.

Жеңістің 50 жылдығында облыстық әскери комиссариат қолынан алтын сағат таққан ағамыз марапаттан кенде емес. Ол «Қалтқысыз қызметі үшін» медалінің үш бірдей дәрежесін иеленген. Омырауында үш бірдей мерекелік төсбелгі жарқырайды. Еңбегінің жемісі шығар, 1972 жылы прапорщик, ал 1990 жылы аға прапорщик атанды. Ғибратты ғұмыр иесі елді сүю баға жетпес қасиет екенін жастарға үлгі ете білді. Бүгінде жетпістің желкенін керіп, сексенге қамданған жанның деніне саулық, отбасына береке тілеп, мерейжасына тілеулес екенімізді білдіргіміз келеді.

Үлын ұяға, қызын қияға қондырған ардақтымыз қосағы Сұлу апа екеуі өмір өзенінде бірге жүзуде. Ният Қожаев ағамыздың атқарған абыройлы еңбегі біздерге өнеге, ұрпаққа үлгі.

Жақсыбай ЖҮҚАБАЕВ,
Арал қаласы бойынша әскери зейнеткерлердің төрағасы.

Көрудің саны: 49  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру