Жаңа бейнебаян: Сүйіктісінен опасыздық көрген Асан Пердешов жұртты жылатты (видео)

Ақша, қымбат көлік, байлық… Қазіргі көп қыздардың қалауы осы. Қоғамда жігіттің жігіттігіне емес, қалтасына, жағдайына қарайтын қыздар көбейді. Бұл жайт әлеуметтік жағдайы төмен немесе орташа отбасынан шыққан, алайда намысты жігіттердің шамына тиеді. Көптен бері сахнадан көрінбей кеткен әнші Асан Пердешовтің жаңа бейнебаяны осы тақырыпқа арналды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әнші жаңа клипті “Сені ұмытамын” әніне таспалаған. Асан жаңа туындысын байлыққа мастанған қыздарға арнады.
Бейнебаян желісі бойынша Асан сүйіктісімен бірге жолға шығады. Көлігі бұзылып, жарты жолда тоқтап қалады. Сол сәтте қалталы азамат келіп, Асанға қол ұшын созбақ болады.
Асан көлігін жөндеп жатқанда, сүйіктісі ақшасы көп азаматтың жетегінде кете барады.

Ал сюжеттің немен аяқталатынын білгіңіз келсе, бейнебаянды тамашалаңыз.

Жіберіп алмаңыз:

Көрудің саны: 517  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру