Жаңа заң бойынша көлігін полицей тоқтатқан жүргізушілердің не істеуге құқығы бар?

Қазақстан заңнамасына енгізілген түзетулер бойынша, полиция көлігін тоқтатқан жүргізушілерге біраз мүмкіндіктер беріліп отыр.

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жол қозғалысы мәселесі бойынша заңнама актілеріне түзетулер енгізді. Соған сәйкес жүргізушілердің құқығы артып, полицейлердің міндеті көбейді.

Оның ішінде, жол-патрулдік полиция көлікті тоқтатқан кезде, заң бойынша, жолаушылар полиция қызметкерінің рұқсатын күтпей, көліктен шығып кетсе болады.

Енді полицейлер көлікті тоқтатқаннан соң, жақындап, өзін таныстырып, куәлігін көрсетіп, неге тоқтатқанын түсіндіріп, пайдаланылатын техникалық құралдардағы деректі көрсетуі тиіс. Бұған дейін бұл міндеттер ішкі істер министрі бұйрығында ғана айтылған болатын, сол себепті үнемі сақтала бермейтін.

Сонымен бірге, заң бойынша, жүргізушілердің көлікті тоқтатқан кезде полицей әрекетін фото немесе видеоға түсіріп алуға құқығы бар.

Көрудің саны: 1 046  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру