Жаңашылдықты санада жаңғыртамыз

Тәуелсіздік алған ширек ғасырдан астам уақытта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдің дамуына айқын бағыт берді. Соның ішінде, мемлекеттік қыз метшілердің кәсіби біліктілігін жоғарылатуға барлық жағдай жасап, халық үшін қызмет етудің маңыздылығын ең бірінші кезекке қойды. Иә, жауапкершілік жүгін ұғынған әрбір мемлекеттік қызметші Ұлт Көшбасшысының жүйелі реформаларындағы негізгі қағидаттарды өзінің басты ұстанымы етіп келеді. Жалпы, мемлекеттік қызметші беделі-мемлекеттік тұрғыдан ойлайтын адам болуымен дараланады. Үстіміздегі жылы Президент «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «…Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана, табысқа жетуге мүмкіндік алады»,-деген болатын. Ендеше, Ұлт Көшбасшысы үндегендей, болашаққа бағдар жасап, жаңашылдықты санада жаңғыртсақ, өркениет көшіне ілесеріміз сөзсіз. Сондай-ақ, ұлттың келешегін кемелдендіру жолындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын стратегиялық маңызға ие Жолдаудан туындаған міндеттерге сергек қарап, әрбір тапсырманың мінсіз орындалуына үлесімізді қоссақ, бізге көрсетілген сенімнің үдесінен шыққанымыз деп білеміз.

Мырзагүл РСАЛИЕВА,
Сексеуіл кенті әкімінің орынбасары.

Көрудің саны: 40  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру