ЖАС МАТЕМАТИКТЕРІМІЗ МӘСКЕУДЕН ОРАЛДЫ

Мәскеуде ментальді арифметикадан өткен II халықаралық олимпиадада Сырдың жас математиктері жақсы өнер көрсетті.
Жақын және алыс шетелдерден 300-ден асқан оқушы қатысқан олимпиада үш номинация бойынша өтті. Онда Қызылордадағы интелектуалдық даму орталығының 7 мен 12 жас аралығындағы 5 тәрбиеленушісі үздік шықты, деп жазады kzvesti.kz.
Шакира Қанатбек, Жанель Рүстембек, Данилла Қанатбек және Мәдина Мэлсовалар 3 номинация бойынша барлығы 7 алтын медальға қол жеткізді
— Біздің орталық оқушылары озық шығып, барлығын таңғалдырды. Бір айдан кейін Түркияда өтетін тағы бір халықаралық олимпиадаға қатысуды жоспарлап отырмыз,– дейді орталдық директоры Гүлнұр Салхаддинова.

Көрудің саны: 40  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру