Жас қыздармен көңіл көтеретін миллионер Қазақстанға не үшін келе жатыр?(видео)

Астанаға әйгілі биші, миллионер Джанлука Вакки келе жатыр. Бұл туралы ақпарат Еуразиялық медиа форум сайтында пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Айтулы шара 22-24 маусымда Астанада өтеді. Джанлука Вакки форум спикерлерінің тізімінде тұр. Еуразиялық медиа форумда ол италиялық SEA Società Europea Autocarav (дөңгелегі бар үй жасайды) компаниясының президенті ретінде сөз алмақ.

Жағажайда бидің түбін түсіріп, видеоны желіге жүктегелі жаһанға танымал болған қария елге сапары барысында ішкі сенімі мен рухани құндылықтары жайлы сөз қозғайтын болады деп хабарлайды НТК арнасы.

Джанлуканың Instagram желісінде 5,9 млн оқырманы бар. Адамдар оның биін, байлығын көруге құштар. Ол парақшасында қымбат үйлері мен яхталарын, көліктері мен ұшақтарын және киімдерін көрсетіп тұрады.

Дереккөз: Nur.kz
Көрудің саны: 249  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру