Жердің пайдаланылуы мен қорғалуы қамтамасыз етіледі

Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешовтың төра­ға­лығымен «Аудандағы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын қамтамасыз ету» жөнінде семинар-ке­ңес болып өтті. Оған облыстық жердің пай­да­ланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Қ. Серікбаев, сондай-ақ, осы салаға қатысты мамандар мен ауыл әкім­дері, салалық, дербес бөлім басшылары және жер­гілікті әкімдік аппаратының заңгерлері қа­тыс­ты. Семинар-кеңесте облыстық жердің пай­да­ла­нылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы бас­шы­сының орынбасары Қ. Серікбаев хабар­ла­ма жасап, «Жердің пайдаланылуы мен қор­ға­луына мемлекеттік бақылауды жүргізу мен ұйым­­дас­тыруда ҚР және ҚР Кәсіпкерлік, ҚР Әкім­шілік құқық бұзушылық Кодекстерінің қол­данылу тәртібі туралы» және «Мақсаты бой­ын­ша пайдаланылмаған немесе қолданыстағы заң­на­маны бұза отырып пайдаланылған жер учаскесін мәж­бүрлеп алып қою туралы» мәселелері төңі­ре­гіне кеңінен тоқталды.
Аталған семинардың өзегіне айналған бұл мә­селе төңірегінде қатысушылар тарапынан сұрақтар және жан-жақты ұсыныс-пікірлер түсті. Оған сәйкес, сала мамандары жауап қайтарып, әкімдер мен бұл мәселеге қатысты мамандарды алдағы уа­қытта қолданысқа енгізілген заңнамаларға сәйкес, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

«Толқын» ақпарат.

Көрудің саны: 83  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру