Жиі ашуланудың денсаулыққа зияны қандай?

Соңғы кездері ашуланшақ, агрессивті адамдар күн санап көбеюде. Оның себебін дәрігерлер дұрыс тамақтанбау, қимыл-қозғалыстың аздығы, телефон, смартфондарға көп қарау, атыс-шабыс, жүйкеге теріс әсер ететін түрлі видеоларды көруде дейді.
Ашуланғанда ағзада қандай процестер орын алады, денсаулыққа қандай зияны бар, нақтырақ тоқталып, біліп алсақ:
— Ашу адамның ойлау қабілетіне кері әсер етіп, жүрек-қантамырлары ауруларының пайда болу мүмкіндігін арттырады.
— Ашуланғанда күйзеліс гормондары шамадан тыс көп бөлінетіндіктен мидың эмоцияға жауапты бөлігі қалыпты жұмыс істемей, мидың ойлауға жауапты бөлігін қанға толтырады.
-Сондай-ақ, ашуланғанда қантамырлар жиырылып қалады. Нәтижесінде қан қысымы көтеріліп, жүрек соғысы мен тыныс алу баяулайды. Бұл жағдай жиі қайталана берсе, қантамырлар ерте «қартаяды», яғни жұмысы бұзылады.
— Зерттеу бойынша, ашушаңдық цитокин (қабынуға себеп болатын молекулалар) мөлшерін арттырып жібереді, сондықтан артрит, қант диабеті мен обырды тудырады.

       Сондықтан, таза ауада көбірек жүріп, дұрыс тамақтанып, телефонға ұзақ уақыт үңілмеген жөн.
«Ашу – дұшпан, ақыл – дос» деп халқымыз текке айтпаған. Ашуланғана адам өзіне-өзі жауап беруден қалады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде ең мықты адам – ашуланғанда ашуын жеңе білген адам дейді.
Сабырлы болыңыздар!

Көрудің саны: 160  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру