Жоғары сыныптарға арналған Елбасы туралы кітап жарық көрді

Бүгiн елордада Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев туралы «О великой жизни» — «Ұлы адам туралы ұлағатты кiтап» атты туындының тұсауы кесiлдi. Аталған кiтап — тәуелсiз Қазақстан тарихындағы Мемлекет басшысы туралы 12 жастан асқан аудиорияға арналған алғашқы туынды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Оқулық жоғары сынып оқушылары мен КТУ оқушылары үшiн дайын оқу құралы болып табылады.
Кiтап авторы — Ресей Федерациясының еңбек сiңiрген мәдениет қайраткерi, тарихшы, жазушы, публицист Николай Зенькович. Ол көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерлерi, саяси көшбасшылар және тарихтың жолын өзгерткен басқа да белгiлi бiрегей тарихи тұлғалар туралы 60-тан астам кiтап жазған.

Зеньковичтiң айтуынша, кiтаптың орыс тiлiндегi нұсқасы 2 мың дана, ал қазақ тiлiндегi аудармасы 2 мың данамен шықты. Туындыны қазақ тiлiне танымал журналист, публицист, жазушы Қайнар Олжай аударды.

Зеньковичтң айтуынша, ол Елбасы туралы кiтапты 1986 жылғы оқиғадан кейiн жаза бастаған. Публицист Қазақстанға жиi келiп, зерттеу жұмыстарын жүргiзген, баспасөзде шыққан ақпарат пен түрлi әдебиеттi пайдаланған.

«Мен ешқашан Назарбаев туралы жаман пiкiр естiген емеспiн. Бұндай көшбасшы өте аз. Нұрсұлтан Әбiшұлы туралы бүкiл әлемде көптеген кiтап жарық көрген. Бұл кiтап балаларға арналған, өзiн ғана емес, бүкiл әлемдi өзгертiп жатқан ұлы тұлға туралы алғашқы кiтап. Әлемдi өзгерткеннен, өзiңдi өзгерту аса қиын. Бұл туындының басты ойларының бiрi — қол қусырып отырсаң, ұлы тұлға бола алмайсың», — дедi Зенькович.

https://baq.kz/kk/news/prezident/zhogari_siniptarga_arnalgan_elbasi_turali_kitap_zharik_kordi20170704_165300?utm_campaign=3099051&utm_source=SendPulse&utm_medium=push
Көрудің саны: 294  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру