Жылқы баққан жігіт

…Аудан орталығынан шалғай жатқан Беларан ауылдық округінде мемлекет қамқорлығын тиімді пайдаланған шаруашылықтар баршылық. Мұндағылардың дені ірі қара өндірудің маңыздылығына ерекше мән беріп, ойсыл қара тұқымы мен жылқы басын көбейтудің жолдарын қарастырады…

Жерден бас алмай жайылған табын-табын жылқы ұлан-ғайыр кең далаға сән бергендей. Ат үстіндегі азамат айналаны көзбен шолып, ауық-ауық қыр басынан өріс жаққа зер салады. Бұл-Мәлік Қожахметов. «Дәуқара» өңірінде қамбар ата тұқымын баққалы көп болған. Қаршадайынан ер қанатына баланған тұлпардың сырына қаныққан жігіт мына қоғамда еңбек еткен адамға барлық мүмкіндік жасалғанын жақсы сезінді. Сезініп қана қойған жоқ, алдағы мақсаттарын іс жүзінде жүзеге асырудың тетіктерін қарастырды.

Иә, «мал баққанға бітеді» деген тәмсілді санаға тоқыған жас «Арал ырысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы «Құлан» бағдарламасы бойынша 3 млн. теңге қаржы рәсімдеп, кәсіп көкжиегін кеңейтті. Яғни, 1 бас асыл тұқымды айғырды, 10 бас аналық байталды өріске салды.

-Қазіргі таңда еңбекпен елге танылғандар бізге жетіп артылады. Үстіміздегі  жылғы Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын жан-жақты қолдаудың маңыздылығы айтылған. Құландылықтар да болашаққа бағдар берген стратегиялық құжат аясында жұмыстарын жандандыру үстінде. Алдағы кезеңдерде «Сыбаға», «Алтын асық» бағдарламалары аясында іс қылуға ниеттілердің қатары артатынына сенім мол,-дейді Беларан ауылдық округінің бас маманы Тұрғанбай Есенов.

А. Қарымсақ.

Көрудің саны: 111  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру