YouTube сервисіне интернет-дүкен функциясы қосылады
Google корпорациясы YouTube сервисіне интернет-дүкен функциясын қосуы мүмкін. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды, деп жазады egemen.kz Агенттіктің хабарлауынша, көп ұзамай пайдаланушылар YouTube-тегі бейнежазбалардан көрген кез келген өнімді онлайн режімде видеосервистен сатып ала алады. Қазіргі уақытта бұл функция сынақтан өткізіліп жатыр.





		
		



