Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер пандемия кезінде қажетті дәрі-дәрмектерді атады

Дәрігер пандемия кезінде қажетті дәрі-дәрмектерді атады

РУДН жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі, профессор Сергей Зырянов коронавирустық пандемия кезінде қажетті дәрі-дәрмектерді атады, деп хабарлайды Stan.kz.
Оның айтуынша, ыстықты түсіретін дәрілерді көптеп жинау керек. 
«Парацетамол жақсы. Ибупрофен ешқашан COVID-19 кезінде тиімділігін көрсете алмады. Мұрынға арналған тамшылар сатып алуға болады», – деді дәрігер.
Зырянов антибиотиктерді сатып алмауды ескертті, өйткені оларды қабылдау үшін дәрігердің нұсқауы қажет. Сонымен қатар, маман вирусқа қарсы препараттарды өз бетінше ішпеуге шақырды, себебі олар «көптеген жағымсыз реакцияларға ие» және оларды қолдану дәрігерлердің рұқсатымен ғана жүзеге асады.
Дәрігер ресейліктерге D дәруменін шектен тыс пайдаланбауға да кеңес берді. Зырянов бұл витаминнің артық болуы қан тамырларының зақымдалуына, бүйрек жеткіліксіздігіне және басқа да денсаулыққа қатыста проблемаларға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.
kyzylorda-news.kz
08 желтоқсан 2020 ж. 293 0