Бақытты отбасында орындалуы тиіс 10 амал

2. Бір мезгілде ашуланудан сақ болыңдар. Отбасының шырқын бұзушы себептердің ең сорақысы – ашу. Бірде сахабалардың бірі Алланың Елшісіне (с.ғ.с.) келіп, қандай да бір кеңес беруін өтінеді. Оның бұл өтінішіне Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Ашуыңды жеңе біл»,– деген өсиет айтады. Әрі осы өсиетін үш рет қайталайды[1].
3. Егер сөз таластыруда міндетті түрде біреуі жеңуі керек болса, жеңімпаз сіз болмай-ақ қойыңыз. Себебі, Алланың Елшісі (с.ғ.с.): «...өзінікі дұрыс бола тұра, сөз таластыруды доғарған адамға Жәннаттың ортасынан үй нәсіп болады», – деген.[2]
4. Үйді от-жалын алып бара жатқандай жайт болмаса, бір-бірлеріңе дауыс көтермеңдер (яғни, қауіп төнбесе, айқайлаудың қажеті жоқ). Өз ұлына өсиет қалдырып жатып Лұқман былай деген екен: «Жүрісіңде орташа бол да даусыңды бәсеңдет. Сөз жоқ, дауыстардың ең жаманы есектің дауысы».[3]
5. Егер сын айтудың кезі келіп тұрса, мұны да махаббатпен орындаңдар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Мұсылман – мұсылманның айнасы»[4]. Өте жұмсақ әрі даналықпен кеңес бере біліңдер.
6. Өткен-кеткен қателіктерді бір-біріңнің естеріңе салмаңдар. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім мұсылман бауырының айыбын жасырар болса, ол адамның айыбын Алла Тағала осы өмірде жасырғанындай, ақыретте де жасырады», – деген.[5]
7. Қажет болса, екінші жартыңыз үшін өзгелерге мән де бермеңіз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Салманның Әбу Дардаға (р.а.) әйелін жақтырмау жайлы берген кеңесін құптап: «Расында, әйелдеріңнің сендерде хақысы бар», – деген.[6]
8. Арадағы түсініспеушілікті реттеп алмай ұйқыға жатпаңдар. Әбу Бәкір (р.а.) үйінде қонақтардың болғандықтан әйелімен болған түсініспеушілікті шеше алмай ұйқыға жатпаған екен.[7]
9. Ең жоқ дегенде күніне бір рет өз сезімдеріңді білдіріп тұрыңдар. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Адамдарды қадірлемеген Алланы да қадірлемейді», – деген.[8]
10. Егер қателік жасап қойсаңыз, оны мойындап, кешірім сұрай біліңдер. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Адам баласының барлығы қателеседі, абзалы тәубе еткендері», – деген.[9]
muslim.kz