Бану Нарбекова: Биыл жоғары оқу орнындағы профессорлардың жалақысы көбейді

«Сессия қарашадан бастап желтоқсан айының соңына дейін жүргізіледі. Министрлік тарапынан жүргізілген пысықтау нәтижесі бойынша, біздің жоғары оқу орындары сессия өткізуге дайын. Сондай-ақ, біз антиплагиат жүйесін қолданып отырмыз. Еліміздегі барлық жоғары оқу орны осы жүйені пайдаланады», – дейді БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Бану Нарбекова.
Оның айтуынша, қашықтан оқытудың дәстүрлі білім беруден ешқандай айырмашылығы жоқ
kyzylorda-news.kz«Біз бағалауға қатысты өзін-өзі бағалау технологиясын енгізіп отырмыз. Бір жағынан студенттердің өзіне сенеміз, екіншіден бұл олардың білім деңгейі, оқу үлгерімін бағалай білуге, оқуға деген құштарлық деңгейін анықтауға көмектеседі. Сондай-ақ, биыл жоғары оқу орындарындағы профессорлардың жалақысы көбейді. Осындай қиын жағдайда оқытушыларды қолдау керек»,- дейді ол.