Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚС шарттары бойынша жұмыскерлер және жұмыскерлердің сақтандырылмау себептері

АҚС шарттары бойынша жұмыскерлер және жұмыскерлердің сақтандырылмау себептері

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі - халықтың сақтандырылу мәртебесі. Қызылорда облысында МӘМС жүйесінде халықтың 84% - ы, яғни 680 394 адам, сақтандырылған. 126 196 адам сақтандырылмаған (халықтың 16%-ы). Олардың арасында бюджеттік және жеке ұйымдардың қызметкерлері аз емес. Жұмысшылардың сақтандырылмауының себептері қандай? Осы сауалмен біз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовке жүгінген едік.

Қор филиалының басшысы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілердің жұмыскерлер үшін аударымдары 3%-ы құрайтынын еске салды. Аударымдардың ең жоғары сомасы 21 000 теңгеден аспауы тиіс. Бұл 10 айлық есептік көрсеткішінің 3% - ы болып саналады. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (АҚС) бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер мен жеке тұлғалардың жарналары 2023 жылы табыстарының 2% құрады. Жарнаның ең жоғары сомасы 14 000 теңгені құрайды. Бұл 10 айлық есептік көрсеткішінің 2% - ы болып саналады.

Егер қызметкердің сақтандыру мәртебесі болмаса, не істеу керек? Ең алдымен, 12 ай ішінде жіберілген төлемдердің мәртебесін тексеру қажет (мысалы, осы жылдың наурыз айынан өткен жылдың наурыз айына дейін).

Егер төлемдер қайтарылған болса, қарыз бен өсімпұлды төлеу қажет.
Төлем құжаттарын толтыру кезінде төлеуші ЖСН, жеке деректерде, төлем мерзімдерінде және т. б. қателіктер жібереді. МӘМС-ға қате аударылған төлемдерді қайтаруға болады, бірақ басқа кезеңдерге қайта бөлу мүмкін емес.
Ақшаны қайтару үшін өз аймағындағы «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалына хабарласу қажет (мекен-жайларды https://gov4c.kz/ сайттан табуға болады). Өтінішті толтырғаннан кейін оған төлемді растайтын құжаттарды (төлем тапсырмасы немесе банктен анықтамасы) қоса беріп, қол қойыңыз. Өтініш 15 жұмыс күні ішінде қаралады және ақша төлем жасалған тәртіпте қайтарылады.
Өтініште деректердің дұрыс толтырылмауы, төлемді растайтын құжаттардың жоқтығы, ақпараттық жүйелерден растаудың болмауы, сондай-ақ қайтаруды шетелдік азаматтың ресімдеуі - Мемлекеттік корпорацияның қайтарудан бас тартуына себеп бола алады.

Егер қызметкер төлемдер болмаған кезеңде ақысыз демалыста болса, онда осы кезеңдер үшін дербес төлеуші ретінде төлеу керек. 2023 жылы ай сайынғы жарна сомасы 3 500 теңгені құрайды (1 ЕТЖ-дан 5%).

Барлық төлемдер түскеннен кейін сақтандыру мәртебесі үш жұмыс күні ішінде беріледі.
20 наурыз 2023 ж. 305 0