Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Департаментпен азаматтар құқықтары қашықтан қорғалуда

Департаментпен азаматтар құқықтары қашықтан қорғалуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес өкілеттілігі шеңберінде ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына қашықтықтан мониторинг жүргізеді.
         Қашықтықтан мониторинг жүргізу барысында қызмет көрсету тәртібін бұзу, толық құжатсыз қызмет көрсету, дәлелсіз бас тарту сияқты фактілер анықталып, Департамент тарапынан тиісті ден қою шаралары қабылданып келеді.
  Мәселен, қашықтықтан мониторинг жүргізу барысында Қызылорда қаласының құрылыс сәулет және қала құрылысы бөліміне қызмет алушы 11.02.2025 жылғы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттарды ұсынуға» берген өтінімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылғаны, яғни қызмет нәтижесі ұсынылмағаны анықталды.
Осы ретте, жоғарыда аталған өтініш бойынша мемлекеттік қызмет  көрсету нәтижесін берудің жоспарланған күні «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде 13.02.2025 жыл деп көрсетілген.
Осыған орай, Департамент тарапынан шұғыл түрде құқықтарды қалпына келтіру бағытында шаралар қабылданып, нәтижесінде қызмет алушыға 06.03.2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі беріліп, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
  Департаментпен бұзушылықтарға жол бергені үшін лауазымды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұлдар салынса, бөлім қызметкерлеріне тиісті тәртіптік шаралар қолданылды.
         Мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі мерзімінде көрсету және оларды көрсету нәтижесімен қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы – мемлекеттік аппараттың тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып қала бермек. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының сақталуы алдағы уақытта да Департаменттің жіті бақылауында болады.
         Егер Сіздің мемлекеттік қызмет алуда құқықтарыңыз бұзылған болса Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне шағымдануыңызға болады.
         Біздің мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс,1. Байланыс нөмірлері: 8(7242) 70-56-36, 70-00-40.
Сәкен Әміржан Сәкенұлы
Қазақсан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы
31 мамыр 2025 ж. 52 0