Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қар, боран: 12 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Қар, боран: 12 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" 12 қаңтарға Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі.

Батыстан келген циклон және оған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының көп бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран және көктайғақ әкеледі, – делінген РМК "Қазгидромет" хабарламасында.

Түркістан облысында түнде күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, ал күндіз облыстың шығысында қалың қар жауады. Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі болжанып отыр.

Фото: Нұрболат Нұржаубай 
11 қаңтар 2026 ж. 131 0