Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметтің жай-күйі

Мемлекеттік қызметтің жай-күйі

2025 жылдың қорытындысы бойынша Арал ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызметшілердің штат саны 168бірлікті құраса, оның 1-і саяси әкімшілік қызметші.
Ал, мемлекеттік қызметшілердің ұлттық құрамына келсек, 100 пайызы қазақтар.
Өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің ішінде әйелдердің үлесі 21,5%-ды құраса, оның ішінде 1,8% басшылық лауазымдарды атқарады. Оның 1-і бөлім басшысы, 2-іауылдық округ әкімдері.
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің орташа еңбек өтілі 12,8 жыл шамасында. Ал, олардың орташа жасы 40,4 жасты құрады.Бір қуанарлығы, жастардың мемлекеттік қызметші болуға ынтасы жоғары.Қазір 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 27,3 пайыз.
Өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің арасында жоғары білімді мамандар 94,6 пайыз болса, екі немесе одан да көп жоғары білім алған азаматтар қатары 20,9%-ды құрайды.
Жыл басынан бері 62 мемлекеттік қызметші оқытылды, оның ішінде 10-і қайта даярлау, 52-і біліктілігін арттыру курстарынан өткізілді.
Мұнан бөлек, 2 мемлекеттік қызметші теріс себептер бойынша яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы шекетулерді сақтамағаны үшін жұмыстан босатылды.
Жыл басынан бері Арал ауданы әкімдігі мен18(3 ішкі және 15 жалпы конкурс) бос лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізіліп, нәтижесімен 18 үміткер бос лауазымдарға қабылданды.
Оның ішінде, меритократия қағидаттарына сәйкес мансаптық өсу жолымен ішкі конкурстар арқылы 22,2 %-ы жоғары лауазымдарға тағайындалды.
Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік қызметке кіруді барынша жеңілдету мақсатында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстық іріктеусіз тағайындалу бойынша белгілі нормалар қабылданған.
Атап айтқанда, жоғары оқу орындарын мемлекеттік грант есебінен үздік аяқтаған түлектер диплом алғаннан кейін бір жыл ішінде аудандық және ауылдық деңгейдегі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына заңнамалардан ешқандай тест тапсырмастан конкурстан тыс тағайындала алады.
Жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту мақсатында 2024 жылы Өңірлік кадр резервіне жүргізілген іріктеудің нәтижесімен Қызылорда облысының Өңірлік кадр резервіне алынған 25 кандидаттың 1-і Арал ауданынан өтіпрезерв аясындаҚызылорда облысы әкімі аппаратының бас инспекторы лауазымына конкурстық іріктеусіз орналасты.
 Жасұлан Ұзайырұлы
Арал ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы,
Әдеп жөніндегі уәкіл
15 қаңтар 2026 ж. 46 0