Топ-баннер
Топ-баннер2
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Диетолог арықтауға көмектесетін сорпа түрлерін атады

Диетолог арықтауға көмектесетін сорпа түрлерін атады

Диетолог, нутрициолог Софья Кованова арықтауға көмектесетін әрі пайдалы сорпалардың түрлерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі aif.ru-ға сілтеме жасап. Маманның айтуынша, төмен калориялылардың қатарына көкөніс сорпалары кіреді. Ал бұршақ немесе жасымық қосылған сорпаларды, сондай-ақ, тауық сорпасы анағұрлым нәрлі. Диетологтың айтуынша, мұндай сорпалар тойымды, салмақ тастауға көмектеседі және ас қорыту жүйесіне ауырлық түсірмейді.


Дегенмен маман адамның сорпа ішпей-ақ жүре алатынын да атап өтті. Оның айтуынша, сорпа - жасұнық пен ақуыз көзі. Бірақ ағза бұл заттарды басқа тағамдардан жеткілікті алса, сорпа ішу міндетті емес.

фото: ​massaget.kz​​​
07 наурыз 2026 ж. 43 0