Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Суару технологиясы бойынша қытайлық компаниямен меморандумға қол қойды

Суару технологиясы бойынша қытайлық компаниямен меморандумға қол қойды

Kyzylorda-news.kz  Облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев Қытайлық «China Yulin Irrigation Equipment Co., Ltd.» компаниясының директоры Ци Юбо мырзамен кездесті.
«China Yulin Irrigation Equipment Co., Ltd.» ауыл шаруашылығына арналған суару жабдықтарын өндірумен айналысатын жетекші компаниялардың бірі.
Кездесу барысында су ресурстарын тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығында заманауи суару технологияларын енгізу және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу мәселелері талқыланды.
Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері мен әріптестікті дамыту болашағы туралы өзара пікір алмасты. Сондай-ақ өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар, индустриялық аймақ пен арнайы экономикалық аймақтың инвесторлар үшін ұсынылатын мүмкіндіктері таныстырылды.
16 наурыз 2026 ж. 82 0