Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұмау кезінде қандай тағамдардан бас тартқан жөн

Тұмау кезінде қандай тағамдардан бас тартқан жөн

Тұмау кезінде майлы және ащы тағамдарды, сондай-ақ, салқын сусындар мен жаңғақтарды бас тартқан дұрыс. Бұл туралы дәрігер Регина Вуколова РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жаңғақ жеу ұсынылмайды, себебі тұмау кезінде тамақтың шырышты қабығы қабынып, құрғақтық пайда болады, ал жаңғақ оны одан әрі ушықтыруы мүмкін", - деді Вакулова.
Оның айтуынша, дәл осы себепті ыстық әрі ащы тағамдардан да уақытша бас тартқан жөн.

Дәрігердің сөзінше, тұмау кезінде жылы тағам ішіп-жеген дұрыс, сондай-ақ, тамақты жылы сумен жиі шайып отырған пайдалы.
Фото: Нұрболат Нұржаубай

24 наурыз 2026 ж. 63 0