Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда вакцина алмаған мекемелерді тексеру қалай жүргізіледі

Қазақстанда вакцина алмаған мекемелерді тексеру қалай жүргізіледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова ұжымдарда вакциналау көреткіші қалай тексерілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі. 

"Жобалық кеңсе вакциналау картасының негізінде кәсіпорындардың тізімін жасайды. Оған жұмысшылардың саны 50 адамнан асатын және вакцинаның бірінші компонентін салдыру көрсеткіші 60 проценттен төмен ұжымдар кіреді. Осы тізім жергілікті атқарушы органға жіберіледі. Олар мониторингтік топты жіберіп, тексеру өткізеді", - деді Бейсенова. 

Оның айтуынша, мониторингтік топ тексерудің нәтижесін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметіне жібереді.
"Біз болсақ, тиісті шара қабылдаймыз. Қазір министрліктің 47-ші бұйрығы шықты. Осы құжат 17 қазаннан бастап күшіне енеді. Сол күннен бастап тексерулер басталады", - деп атап өтті Бейсенова.
Бұған дейін Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Cұлтан қаласы не себепті "қызыл аймақтан" шықпайтынын түсіндіріп берген болатын. 

stan.kz
13 қазан 2021 ж. 229 0