Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Пәкістан электр қуатын үнемдеуге көшті

Пәкістан электр қуатын үнемдеуге көшті

Пәкістанда барлық сауда орталығы мен базарлар кешкі сағат 20:30-да жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Хабар24 жазды.

Елдегі электр энергиясын үнемдеу үшін үкімет осындай шешім шығарды. Ал мемлекеттік мекемелерде электр қуатын пайдалану 30 пайызға қысқартылды. Экономикалық дағдарыс салдарынан энергияны импорттауға қажетті валюталық резерв азайған.

Бірақ кәсіпкерлер "мұндай қадамға барсақ ісіміз тұралап, шығынға батамыз" дейді.

Айта кетерлігі, Пәкістан электр энергиясының басым бөлігін шетелден тасымалдайды. Әлемдік нарықта газ құнының артуына байланысты, елде инфляция шарықтап, ұлттық валюта құнсызданып кеткен.

Соның салдарынан шетелден жеткізілетін энергия құны да күрт өскен.
05 қаңтар 2023 ж. 445 0